Журнал туралы

"Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы" журналы – филология саласындағы зерттеушілер мен оқытушылар арасындағы ғылыми алмасуға бағытталған рецензияланатын ғылыми басылым. Журналды Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 1996 жылдан бастап шығарады және 2010 жылдан бастап онлайн форматта қол жетімді. Журнал қазақ және әлемдік филологияның өзекті мәселелерін қозғайтын толық көлемді ғылыми мақалалар мен қысқаша ғылыми жазбалар жариялайды.

Мақсаты мен міндеттері: "Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы" журналы қазақ және әлем филологиясындағы өзекті мәселелерге арналған зерттеулерді жариялауға бағытталған. Лингвистика, әдебиеттану және мәдени аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді. Журналда қазіргі филологиялық теориялар мен әдістерді, сондай-ақ олардың қазақ және әлем тілдері контекстінде қолданылуын ашатын мақалаларды жариялайды.

Жарияланымдар бағыттары: Журнал тарихи лингвистика, салыстырмалы лингвистика, қолданбалы лингвистика, әлеуметтік лингвистика және әдебиеттану сияқты көптеген филологиялық пәндер бойынша мақалаларды жариялайды. Тіл, әдебиет және қоғам арасындағы байланысты ашатын пәнаралық зерттеулерге ерекше назар аударылады. Әсіресе, біздің журнал теориялық және практикалық аспектілерді біріктіретін жарияланымдар мен тіл білімі, әдебиеттану саласындағы заманауи мәселелері көрсететін жаңа және перспективалы бағыттар бойынша мақалаларды ерекше құптайды.

Баспасы: «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Басылым тілдері: ағылшын, қазақ, орыс,

Жиілігі: жылына 4 рет

Индексациясы: Журнал халықаралық ғылыми деректер базалары — DOAJ, ERIH Plus, Scilit, сондай-ақ Kazakhstan Сitation Base (KazBC) және Google Scholar жүйелерінде индекстелген. Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген (30.04.2021 ж. №381)

ISSN: ISSN-L:2518-198X (Print), ISSN: 2663-5127 (Online)

Редакцияның мекен-жайы: 100024, Қазақстан, Қарағанды, Университет көшесі, 28

E-mail: zhenisgulibraimova@gmail.com

Web-site: https://philology-vestnik.ksu.kz/

Хабарландырулар

Ағымдағы шығарылым

Том 31 № 3(123) (2026): Bulletin of Karaganda University. Philology Series
Жарияланды: 2026-09-30

Барлық шығарылымдар

ТІЛТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ

ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Барлық журнал басылымдарын көрсету