The Influence of Latin and Greek Elements on the Development of IT Terminology in the Kazakh Language

Authors

  • B.E. Kenges

DOI:

https://doi.org/10.31489/2025ph2,%20118/27-39

Keywords:

IT terminology, Latin roots, Greek roots, borrowed words, absolute frequency

Abstract

Мақаланың мақсаты — қазақ тілінің IT-терминологиясына латын және грек тілдерінің ықпалын анықтау. Мақаланың міндеттеріне сәйкес кірме сөздердің теориясына шолу жасалды және грек-латын түбірлері анықталып, олардың сөздікте қолданылу жиілігі анықталды. Зерттеу жұмысында классикалық тілдердің басқа тілдермен байланысы және олардың ғылым тілін қалыптастырудағы маңызы зерделенді. Латын және грек кірме сөздерінің қазақ тіліне әсері, ену жолдары талқыланды. Зерттеудің материалы ретінде 10060 терминді қамтитын 2014 жылы жарық көрген «Информатика және есептеуіш техника» саласының сөздігі алынды. Мақалада грек және латын түбірлерін анықтау үшін салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды. Осы анықталған грек және латын түбірлерінің сөздікте кездесу жиілігін анықтау үшін Microsoft Excel бағдарламасы пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде 352 латын түбірі және 165 грек түбірі анықталды. Microsoft Excel бағдарламасымен латын түбірлерінің жилігі — 3909 рет, грек түбірлері — 2501 рет сөздікте кездесетіндігі анықталды. Бұл латын түбірлерінің грек түбірлеріне қарағанда 54 %-ға жиі кездесетінін көрсетеді. Демек, латын түбірлері сөздікте шамамен 1,54 есе жиі қолданылады. Алайда түбір өнімділігі тұрғысынан алғанда, жалпы жиілігінің төмендігіне қарамастан, грек түбірлері бірлікке шаққандағы жоғарырақ қолдану деңгейін көрсетеді. Орташа алғанда, грек түбірі бар әрбір сөз 15,1 рет кездессе, латын түбірі бар әрбір сөз 11,1 рет кездеседі. Осылайша, сөздіктегі жалпы жиілігі төмен болғанына қарамастан, грек түбірлері латын түбірлеріне қарағанда 1,36 есе жиі қолданылатындығы анықталды. Грек түбірлері бар сөздердің жоғарырақ қолдану жиілігі олардың терминологияда кеңінен таралғанын көрсетеді. Мақаланың нәтижелері диаграммамен сипатталып көрсетілді. Сондай-ақ мақалада грек және латын тілінен енген сөздердің фонологиялық тұрғыдан қазақ тіліне бейімделуі сипатталды. Қорытындылай келгенде қазақ тілінің IT-терминологиясында латын түбірлері — 17,6 %, грек түбірлері — 11.2 %. Барлығы латын[1]грек сөздерінің үлесі — 29 %. Бұл IT-терминологиясы аясында термин жасауда халықаралық аспектінің де ескерілетінін көрсетеді. Оның үстіне қазақ тілінде термин жасатуды дамыту қажеттігі тұжырымдалады. Бұл дегеніміз — жаһандану әсерінен тілдер жақындасуының айқын дәлелі. IT[1]терминологиясының ағылшын тілінде қалыптасқандығы, қазақ тіліне грек-латын тілдерінің лексикалық жақындасуына ықпал етіп тұр. Сондай-ақ латын тілі өлі тілдердің қатарында болса да, әлі күнге дейін тірі тілдерге өз әсерін тигізуде.

Downloads

Published

2025-06-27

Issue

Section

ACTUAL PROBLEMS OF LINGUISTICS